Әлемдегі жүздеген ғашықтар жыныстық қатынасқа түсу үшін Лас-Вегасқа аттанады

2.jpg


Әлем елдерінің ұятсыз жұптары ашық түрде жыныстық қатынасқа түсу үшін биыл Лас-Вегаста жиналады. Аталмыш шара маусым айына жоспарланып, оған мыңдаған адам қатысады деп күтілуде. Бұл туралы Life.Ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.


3.jpg


Лас-Вегаста ұйымдастырылып жатқан шара қатысушыларына қатаң талаптар қойылған. Олар жұбымен немесе жалғыз келіп, жұртпен бірге ашық түрде жыныстық қатынасқа түсуі керек.

Ол үшін жалғыз жандар 25 доллар төлесе, жұбымен келгендер 200 доллар беретін көрінеді. Оған қоса денесін жалаңаштап, беттеріне маска киеді.


4.png


Шараны ұйымдастырушылар осы жылы жаппай жыныстық қатынасқа түсу бойынша әлемдік рекордты жаңартуды жоспарлап отыр.

Осыған дейін ең көп жұп жиналған шара 2010 жылы Жапонияда өткен болатын. Онда 500-ге тарта адам келіп, бір орында жыныстық қатынас жасасқан.


Ұқсас тақырыптар