АҚШ-та тікұшақ тұрғын үйге құлады

4.jpg

АҚШ-та тікұшақ апатқа ұшырап, тұрғын үйлерге құлаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Корреспондент порталына сілтеме жасап.

Американың Вильямсбург ауданында тікұшақ тұрғын үйлерге соғылып, апатқа ұшырады. Алдын ала ақпарат бойынша, оқыс оқиғадан бір адам қаза тапты.

Атап өтілгендей, Eurocopter EC 135 медициналық тікұшағы таунхаустар ауданындағы үйлерге құлап, соның салдарынан кұшті өрт орын алған.

Апат себебі әзірше белгісіз. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметкерлері мен Федералдық авиация басқармасының сарапшылары жұмыс істеп жатыр.



Ұқсас тақырыптар