Әнші Валерий Меладзе Грузия азаматтығын алуға өтініш білдірді

5.jpg

Әнші Валерий Меладзе Грузия азаматтығын алмақшы, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru порталына сілтеме жасап.

Georgian News Agency басылымының дерегінше, артіс грузиялық Әділет министрлігіне өтінішпен жүгінген.

Валерий Меладзе 1965 жылы Батумиде дүниеге келген. Жақында ол өзінің туған қаласында болып, әнші әрі актер, Грузияның халық артісі Вахтанг Кикабидзенің 80-жылдығына арналған концертке қатысқан.

ТАСС агенттігінің дерегінше, қазіргі кезде Валерий Меладзе әлі Грузияда жүр.



Ұқсас тақырыптар