Курсанттар жүлделі оралды

IMG_1808.JPG

Жуырда  Түркістан облысы Түркістан каласы А. Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетінде «Болашаққа бастар жол, рухани жаңғыру» атты Республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Республикалық пікірсайысқа Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты командасының, 3-4 курс курсанттары Ернар Ерқасым, Асанов Архат, Кеншімбаев Мағжан, Темірәлі Ернарбек, Әуенек Дінмұхмедали, Құрметхан Мерей, Нұрмамедұлы Бекжан қатысты. Командаға  капитан Мұқанов Мақсат жетекшілік етті. Турнирге Республикамыздың 8 өңірінен атап айтканда: Астана, Алматы, Павлодар, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Тараз және Қызылорда облыстарының жоғарғы оқу-орындарының пікірсайысшылары  бақтарын сынады.

Турнирде Елбасы мақаласы «Болашаққа бастар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы дала жастары» кіші бағдарламасы  «DOSTYK CUP» тақырыбында сайысқа түсті.

IMG_1819.JPG

Аптаға жуық өткізілген турнир барысында еліміздің студент жастары бір-бірімен жақын танысып, әлемнің екінші Меккесі атанған киелі Түркістан қаласының көрнекті орындарына саяхат жасады. Көп күндік сайстың қорытындысы бойынша, 1- орын  Қ.Сатпаев атындағы Ұлттық Техникалық Университеті, 2-орынды Қорғаныс министрлігі, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, 3-орынды Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті иемденді. Жеңімпаз командаларға Түркістан қаласының жастар ұйымы және турнирді ұйымдастырушылар  тарапынан бағалы сыйлықтармен грамоталар және турнир кубогымен марапаттады.

Жүлделі орынмен оралған пікірсайыс командасын, әскери институт бастығы полковник Мұстабеков Асқар Досбосынұлы институт жеке құрамының алдына шығарып, кеше ғана Әскери Ант қабылдаған 1 курс курсанттарына үлгі болғандығы жәнеде әскери оқу-орнының намысын қорғағаны үшін алғыс жариялады.

IMG-20180906-WA0004.jpg

2017-2018 оқу жылының рейтингісі бойынша Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының «Патриот» ғылыми дебаттық клубы жоғары оқу орындары  арасында 11-ші орныға тұрақтады.

 

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

запастағы майор Ербол Алибаев

сурет автордікі



Ұқсас тақырыптар