Әскери міндеттілердің бір айлық жиын өтті

IMG_3298.JPG

2018 жылдың 11 қазанында Алматы қаласындағы ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының саптық алаңында 274  әскери міндеттілерді (запастағы офицерлер) салтанатты түрде шығарып салу және жиынды аяқатағаны бойынша сертификаттар тапсырылды. Салтанатты кеште институт бастығы полковник Мұстабеков Асқар Досбосынұлы оқу үдерісі кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен запастағы офицерлерді грамоталармен марапаттап, жиынға қатысып Отан сүйгіштік танытқандары үшін алғысын білдірді.

Әскери міндеттілерді құттықтап, сертификаттар тапсыруға Әуе Қорғанысы Күштерінің Бас Қолбасшысының орынбасары полковник Жумагазиев Мұратжан Темірұлы, генерал-майор Орынбеков Мубарак Орынбекұлы, генерал-майор Старыш Анатолий Трифонович қатысты.

IMG_3336.JPG

2018 жылдың 12 қыркүйегі мен 12 қазан аралығында елімізде тұңғыш рет Қорғаныс минстрлігінің бекітілген кешенді жоспары бойынша Әуе Қорғанысы Күштері, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу орталығында  300 дей әскери міндеттілермен (запастағы офицерлер) бір айлық жиын өтті.

Бір ай бойы жиынға қатысушы әскери міндеттілер радиотехникалық әскерлер, байланыс және радионовигация, әуе шабуылына қарсы құрлық әскерлері және зенитті зымыранды әскерлер мамандықтары бойынша білімдерін шыңдады. Жиынға Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институт бастығының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары-басқарма бастығы полковник Олжабаев Мұрат Қуатбекұлы жетекшілік етті.

IMG_3589.JPG

Жиынның негізгі мақсаты: әскери міндеттілердің бейбіттен соғыс соғыс уақытына көшіру кезінде барлық запастағы офицерлердің функционалдық міндеттерін білу деңгейлерін жетілдіру және жауынгерлік әзірлігі мен командирлердің қойылған тапсырмаларын орындау қабілеттілігін тексеру, сондақ-ақ шешім қабылдауда үйлесімділікті арттыру болып табылады.

Оқу үдерісі кезеңінің алашқы аптасында жалпы әскери дайындық бойынша әскери институттың білікті қызмет бастықтары дәрістермен түсіндіру жұмыстарын жүргізсе, қалған үш апта бойы мамандықтары бойынша білімдерін шыңдады. Әскери міндеттілерге институтымыздың үздік оқытушы-профессорлар құрамы дәріс жүргізді.

Жалпы бір айлық жиынға еліміздің барлық облыстарынан шақырылған жас шамасы 22-40 аралығындағы әскери міндетті запастағы офицерлер қамтылған. Дені көбі еліміздің көркейуіне қызмет атқарып жүрген маман иелері. Шақырушылардың алдыңғы қатары мемлекеттік қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, бизнесмендер, ауылшаруашылық жер иелері, мұнай, газ саласы мамандары, оқу-орнындарының оқытушылары құрайды. 

Рәсім барысында институттың оркестрінің сүймелдеуімен плац концерт, қарумен дефиле көрсетіледі.


Ербол Алибаев


Ұқсас тақырыптар