Стамбулда әлемдегі ең үлкен әуежай ашылды

2.jpg

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Стамбулда әлемдегі ең үлкен әуежайды ашты. Бұл туралы Лента.ru жазады.

Түркия президенті Режеп Ердоғанның айтуынша, алғашқы уақытта әуежай 90 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді, ал 10 жылдан кейін жылына 200 млн адамға дейін қабылдайтын болады. Бұл трафик қазіргі уақыттағы әлемде ең үлкен әуежай болып саналатын АҚШ-тың Атлантадасындағы әуежайдан екі есе асады.

Turkish Airlines әуекомпаниясының ұшақтары ішкі үш бағыт бойынша: Анкара, Анталья және Измирге ұшты. Сонымен қатар Баку мен Эрджанға да рейс жасайды.

«Анадолу» агенттігінің хабарлауынша, әуежай аумағының жалпы ауданы 76,5 млн ш.м. Ашылу барысында Ердоған Стамбулға арнайы шақыртылған дағыстандық боксшы Хабиб Нурмагомедовпен сөйлесті.

Стамбулдағы үшінші әуежайдың ашылуына түрлі елден келген 50-ден астам жоғары лауазымды шенеунік, олардың ішінде мемлекет басшылары, министрлер бар.

Жаңа әуежай "Стамбул әуежайы" деп аталады.


Ұқсас тақырыптар