Астанада еріктілер коммуналдық қызметкерлерге бауырсақ пен ыстық шай үлестірді

 «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері 15 наурыз күні қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


 

Қазақстанда Наурызнамның онкүндігі өтіп жатыр. Бүгін қайырымдылыққа, жанашырлыққа үндейтін Мейірімділік күні атап өтіледі. Осыған байланысты еріктілер коммуналдық қызметкерлерге бауырсақ, шоколад және ыстық шай үлестірді.

 

«Бүгінгі акциямен біз адамдарды мейірімділікке, жанашырлыққа және жақсы қарым-қатынасқа үндегіміз келеді», - деп бөлісті ерікті Аружан Дәулетиярова.

 

«Астана жастары» еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің басшысы Эльвира Есмұханова мұндай акцияларды өткізудің және қайырымдылық күнін атап өтудің маңыздылығына тоқталып өтті.


 

«Астана жастары» еріктілерімен бірге тіпті аз мүмкіндікпен де бір-бірімізге көмектесуге болатынын көрсеткіміз келді. Оқушылар коммуналдық қызметкерлерге арнап акция өткізу бастамасын көтерді. Олар ауа райының қолайсыздығына қарамастан қалада тәртіп пен тазалықты сақтайды», - деді Эльвира Есмұханова.

 

Өз кезегінде тазалық мамандары жастарға алғыс айтып, Наурыз мерекесімен құттықтады.

 

Айта кетейік, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының қатарында 5000-нан астам ерікті бар.

 

Еріктілер ыстық шай мен бауырсақтарды таратумен қатар, қар күреуге көмек көрсетеді, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасыларға азық-түлік себеттерін тасымалдайды. Елордада игі істер марафоны жалғасып жатыр. Акцияның басты мақсаты – барынша көмек көрсету.

 

Естеріңізге сала кетейік, «Наурыз мейрамын» мерекелеу аясында елордада 200-ге жуық іс-шара өтеді. Қала тұрғындары концерттерге, мерекелік бағдарламаларға, көрмелерге, қойылымдарға, ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарға, халықтық мерекелерге және т.б. қатыса алады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар