Жер бетінен жылдам жойылып бара жатқан ұлт анықталды

2.jpg

29 маусымда Болгарияның халық саны 7 миллион адамнан аз болып қалды. Мұндай мәліметті БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөнінде департаменті таратты, деп хабарлады bgnews сайты. 

Болгарияда халық саны күрт азайып келеді. Мұндағы жағдай тіпті екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ахуалдан жаман. 1946 жылы бұл елде 7 029 349 адам болған. 

"Бұл ауыр жаңалық… Болгария демографиялық шығынға ұшырап отыр, ол өліп барады… Біз әлемдегі ең жылдам құрып бара жатқан ұлтпыз", - деді академик Петр Иванов. 

Порталдың мәліметінше, 29 маусымдағы жағдай бойынша, Болгарияда 120 адам өмірге келіп, 193 адам қайтыс болған.



Ұқсас тақырыптар