Сенбі күні Сирияда содырлар Ресей әуе-ғарыш күшінің шабуылдаушы ұшағын атып түсірді, ұшқыш катапульта жасады, бірақ терроршылармен атыста қаза тапты. Бұл туралы сенбіде РФ Қорғаныс митистрлігін мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.
«2018 жылы 3 ақпанда "Идлиб"деэскалация аймағы үстінде байқау тапсырмасын орындау кезінде ресейлік Су-25 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыш «Джебхат ан-Нусра» содырлары бақылауындағы аумаққа катапульта жасағандығы жөнінде баяндап үлгерген. Террористермен атыста ұшқыш мерт болды», - деді ведомостводан.
ҚазАқпарат