Мэнни Пакьяо келесі кездесуін сәуір айында өткізеді

3.jpg


Сегіз салмақ дәрежесі бойынша экс әлем чемпионы, 39 жастағы филипиппіндік боксшы келесі кездесуін сәуір айында өткізеді, деп мәлімдеді vesti.kz порталы Larry Brown Sportsқа сілтеме жасап.

Басылымның мәліметі бойынша, жекпе-жек 14-сәуір күні өтеді екен. Оның қарсыласы 28-жастағы америкалық боксшы Майк Альварадо болуы мүмкін. Жекпе-жек Лас-Вегас қаласында өтеді деп жоспардануда.

Қазіргі уақытта екі команданың өкілдері соңғы келіссөздерді жүргізіп жатыр. Келісімшартқа алдағы екі аптаның ішінде қол қойылуы ықтимал.

Еске салайық, Мэнни Пакьяо соңғы рет өткен жылы Аустралияда жергілікті боксшы Джефф Хорнмен жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіліп қалған болатын.


Ұқсас тақырыптар