Тайсонның бапкері: Бұл жолы «Канело» Головкинді оңай жеңеді

19_main.jpg


Атақты боксшы Майк Тайсонның бапкерлерінің бірі Тедди Атлас 5 мамырда өтетін Головкин - Альварес жекпе-жегіне қатысты болжамды пікірімен бөлісті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

«Менің ойымша, Головкин «тайғанақтап» барады. Мен бұрын оны адамдардың асыра бағалайтынын айтқаным бар еді. Ол орта салмақтағы 35, 36 және 37 жастағы боксшылардан үстем түсті. Головкиннің ол айқасты да (Головкин мен Канелоның алғашқы кездесуі - авт.) жеңгенін анық білемін», - дейді ол SiriusXM Radio-ға берген сұхбатында.

Десе де, бүгінгі таңда ресейлік Александр Поветкинді жаттықтырып жүрген бапкер бұл жолы Сауль Альварестің басым түсетініне сенімі зор.

«Ал қарымта кездесуде мен басымдықты Канелоға берер едім. Себебі, Головкиннің күмәнсіз алқашқыдай айбаты жоқ. Канелоның өсетіндей әлеуеті бар. Оның жасы кіші. Ол сенімнен шығып отыр. Сондай-ақ, Альварес шабуылдау тұрғысынан алғашқыдан гөрі белсенді бағытты ұстанады. Менің ойымша, ол бұл айқаста Альварес оңай жеңеді», - дейді Атлас.

Еске сала кетсек, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес 5 мамыр күні кездесетін болды. Айқастың қай жерде өтетіні әлі белгіленген жоқ.


Ұқсас тақырыптар