АҚШ Федералды басқару авиация әкімшілігі LLS 18-107 лицензиясын SpaceX компаниясына Falcon Heavy зымыранын ұшыру үшін берді.
Алдын ала, ұшыру екі күнге жоспарланды. 6 ақпан ракетаны ұшыратын негізгі күн, ал 7 ақпан ауа райы немесе басқа қандай да бір мәселелер шығып қалған жағдайда ұшыратын күн.
Ракетаны ұшыру Астана уақытымен 00:30-да өтеді. Ракетаның ұшуын мына сілтеме арқылы тікелей эфирде көре аласыз.
Егер ұшу сәтті іске асса, онда зымыран Марсқа қарай аттанып, Қызыл ғаламшардың орбитасына шығады.
Зымыран жайлы толық ақпарат төмендегі видеода.
Қания Табыс