Дәрігерлер зәр орнына шай өткізілгенін білмей, қорытынды жазып берген

693b5e58c4a93a0508c176ed2dc1656e_crop_l_6_t_7_w_576_h_324_resize_w_520_h_.jpg


Армениядағы ауруханалардың бірінде дәрігерлер анализге өткізген шайдың зәр емес екенін айыра алмаған, деп хабарлады Baq.kz агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Арменияның Масис қаласындағы ауруханалардың бірінде мекеме директоры Нунэ Аванесян зертханаға зәрдің орнына шай тапсырған. Сондай-ақ, ол зерттеу нәтижесін алған.

«Мен түрлі атпен қан тапсырдым, сол кезде әртүрлі нәтижелер алдым. Сонымен қатар, зәрдің орнына шай өткіздім. Оның да эритроцит, лейкоцит, эпителий сияқты жазбалары бар нәтижесі қолыма тиді», - дейді дәрігер.

Оның айтуынша, зертхананың қызметкерлеріне қатысты көп сын айтылған. Қазіргі таңда 15 қызметкердің 8-і жұмыстан кететіндері жөнінде арыз жазған.

Басылымның жазуынша, қазір Арарат ауданының әкімшілігі осы оқиғаға қатысты тексеріс жүргізуде. Тексеріс нәтижесі шыққаннан кейін тәртіптік жазалау туралы шешім шығарылатын болады.


Ұқсас тақырыптар