Күннің жерге қарай магниттік белсенділігі соңғы уақытта едәуір төмендеді. 2050 жылға қарай күн суығырақ және күңгірт болады, деп хабарлады Вaq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Мұндай қорытындыны Сан-Диегодағы Калифорния университетінің астрономдары жасады.
Ғалымдар бұл өзгерістер күн белсенділігінің ең минимум нәтижесі болады деп есептейді. Осындай жағдай тұрақты түрде қайталана берсе, Күн әлсіреп, одан ультракүлгін сәулесі аз шығатын болады.
Зерттеу барысында мамандар 20 жыл бойы Күннің сәулесін салыстырып келді. Кейін ХХІ ғасырдың ортасына қарай Күн күңгірттеу болады дегенді айтты.
Күн белсенділігі 11 жыл сайын ұлғайып не бәсеңдеп отырады. Астрономдардың есептеуінше, 2050 жылы Күн маундеров минимумына дейін түсіп, 1645 және 1715 жылдардағы көрсеткішке жетеді. Яғни, осы уақытта күн сәулесі азаяды.
Эдвард Уолтер Маудердің есептеуінше, ол кезде (мандеров минимумы болғанда) Күнде 40-50 мың дақтың орнына не бәрі 50 дақ болған. Тарихта бұл уақытты мұз кезеңімен байланыстырады. Бірақ кейбір ғалымдар мұндай қорытындымен келіспейді. Олар күннің белсенділігі қанша төмендесе де, жаһандық суық болмайды деп есептейді.