Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукербергтің айтуынша компания, Facebook-тағы ең қызықты топтарға грант негізінде 10 млн доллар беруге дайын, деп жазды 7kun.kz порталы hi-news.ru сілтеме жасап.
Әдеттегідей, бұл сома бірнеше жеңімпаздарға бөлінеді. Қызықты болып саналған 100-ден астам пабликтердің әрқайсысына 50 000 АҚШ доллары беріледі. Ал, ең табысты және қызықты топтарға 5 данадан 1 млн доллар табысталады. Бұл туралы Цукерберг Reuters-ке берген сұхбатында айтқан.
«Мұның барлығы бүкіл әлем мен барлық пайдаланушыларды біріктіру үшін қажет. Ал, ең бастысы – қызықты бағыттарды кеңінен дамытуға және миллиардтаған адамдардың қызығушылығына қарай әртүрлі топтарға қосылуына көмектесу», – деді ол.
Цукербергтің әріптесі Дженнифер Дальскийдің айтуынша, тұрғылықты жері мен жазылушылар санына қарамастан, конкурсқа кез келген адам қатыса алады. Жеңімпаздарды тәуелсіз сарапшылар тобы және Facebook қызметкерлері таңдайды.