Алматыда жоғалып кеткен 17 жастағы Тамина Эльдарова табылды. Бұл туралы қыздың анасы хабарлады, деп мәлімдеді Tengrinews.kz.
"Қызым табылды. Бірақ оны әлі көрген жоқпын, оған енді бара жатырмын. Барлығы дұрыс", - дейді әйел.
Қыздың жігіті Азиз Мамедовтың айтуынша, ол Таминаны соңғы рет Горный Гигант жақтан Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің корпусы жақтан көрген екен.
Айта кетейік, қыз 1-курста оқиды. Ал Таминаның құрбыларының айтуынша, ол корпустан шамамен сағат 14.00-де шығып кетіп, сол күйі үйіне бармаған.
"12 ақпанда оны университетке дейін шығарып салдым, оқу біткен соң өзі шығып кеткен. Үйге сол күйі бармады. Медеу аудандық ІІБ-не өтініш қалдырдық. Уайымдап жатырмын (...)", - деген еді Азиз Мамедов.