19 ақпан күні Спорттық арбитраж соты (CAS) ресейлік спортшы Александр Крушельницкиге қатысты іс ашқанын хабарлады. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.
Ресейлік атлет Александр Крушельницкий Пхенчхан олимпиадасында керлингтен жұптық жарыста әйелі Анастасия Брызгаловамен қола медаль жеңіп алған. Ал 18 ақпан күні Александр Крушельницкидің допинг сынамасынан мельдоний табылғаны хабарлаған. 19 ақпан күні Пхенчхан уақыты бойынша таңертең В сынамасы тексерілді. Оның қорытындысы бірер сағатта жариялануы тиіс.
Спортшы Александр Крушельницкий 19 ақпанда олимпиада қалашығынан кетіп қалғаны хабарланды.
Пхенчхандағы қысқы олимпиадаға Ресей спортшылары ХОК туы астында қатысып жатыр. Олардың командасы “Ресей олимпиада атлеттері” деп аталады.
ХОК Ресей билігі Сочи олимпиадасы кезінде допинг саясатын мемлекеттік деңгейде қолдады деп айыптайды. Сочи ойындары кезінде алынған допинг сынамаларын қайта тексергенде допинг ережелері бұзылғанын хабарланған. ХОК арнайы комиссиясы кей спортшылардың қаны және дәреті құйылған құтылардың сырты сырылғанын, сөйтіп, құтылар ашылып, сынамалар алмастырылған болуы мүмкін деп мәлімдеді. Сынамалары бүлінген спортшылар да олимпиадаға шақыртылмады. Бұған қоса, бұрын допингпен ұсталып, жаза мерзімін өтеген ресейлік спортшылар да бұл олимпиададан тыс қалды.