Мен істемеген ісім үшін айыпты болғым келмейді - Қуандық Бишімбаев

20180108100045.jpg


Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзіне тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді, деп хабарлады «ҚазАқпарат».

«Адамдар өз айыбын мойындаған кезде - бұл, бәлкім, керемет шығар. Бірақ, айыпты мойындау мені қоса іліктіру үшін жауапкершілікті артып, қайдағы бір әңгімені ойлап табумен бірге жүргізілмесе керек еді (...) Осында айтылған сөздердің бәрі де жай ғана сөз болып қалды. Құрметті сот, сот барысында зерттелген тергеу материалдары нақты дәлелдермен - не телефондағы әңгімемен, не егжей-тегжейлі әңгімемен (...) расталмай отыр. Менің бар айыбым - жасамаған ісімді мойындамауым ғана», - дейді сотталушы.

Оның айтуынша, қылмыс үстінде ұсталғандар жазаны жеңілдету үшін айыптарын мойындауда.

«Кеше біз осы адамдардың жеке мойындауы мен оларға қатысты дәлелдер барына көз жеткіздік. Мемлекеттік айыптаушы оларға белгілі бір мерзімді сұрап отыр. Бұл жағдай менің айтқанымның бәрін де растайды. Прокурорлар сұраған жазалардың бәрі де менің айтқанымды растай түседі», - деп түйді Бишімбаев.

Айта кетсек, бұдан бұрын Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Аталған іс бойынша айыпталушы ретіндегі 22 кісінің ісі қаралып жатыр.


Ұқсас тақырыптар