Ғалымдар қартаюды тежеудің жолын тапты

6.jpg


Жасушалардағы анеуплоидия хромосомаларының дамуын тоқтату арқылы қартаюдың алдын алуға болады, деп хабарлады КТК арнасы.

Португалия университетінің ғалымдары осылай деп мәлімдеді.

Ғалымдар орта жастағы адамдарда, қариялар мен жаңа туған сәбилерде бөлінетін фибробласт жасушаларына анализ жүргізді.

Нәтижесінде адамның жасы ұлғайған сайын ағзадағы Forkhead box M1 ақуызының бүлінетіні белгілі болды. Бұл ақуыз жасушалардың бөлінуіне жауап беретін гендердің белсенділігін реттеп отырады.

Осы ақуызды жасанды жолмен көбейту, хромосомалар санын азайту және қартаю маркерлерін төмендету арқылы адамдардың белгілі бір деңгейде жасаратыны анықталды.

Ғалымдардың айтуынша, олардың зерттеу жұмысының нәтижесі Forkhead box M арқылы қартаюмен күресу әдістерін ойлап табуға көмектеседі.


Ұқсас тақырыптар