Алматыда 148 полицей жұмыстан қуылды

4.jpg


Алматыда түрлі себептермен ішкі істер органдарынан 148 полицей жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 "2017 жылы 91 жария түрдегі тексеріс және 5 жария емес түрдегі тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде жол-патрульдік полицияның 35 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2017 жылы жемқорлықпен күрес бойынша және заңбұзушылық жасағандарды жазалау туралы 100-ден аса бұйрыққа қол қойдым: 659 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Органдардан жергілікті полиция қызметінің 148 қызметкері қуылды. Олардың ішінде 44 - учаскелік инспектор, кәмелетке толмағандар ісімен айналысқан - 13 инспектор, жол-патрульдік қызметтің 70 қызметкері және тағы бірнеше қызметкер түрлі себептермен жұмыстан босатылды", - деді Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Төрехан Исин өңірлік коммуникациялар қызметі бойынша өтіп жатқан баспасөз конференциясы барысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 2017 жылы жергілікті полиция қызметінде 2 308 адам жұмыс істеді.

"Жағымсыз себептермен 12 қызметкер жұмыстан қуылды. Яғни, жемқорлық заңбұзушылық жасаған, әскери ережені бұзғандар, әскери тәртіп пен этика ережелерін бұзғандар", - деді Төрехан Исин.


Ұқсас тақырыптар