Ақпарат саласының ақ семсері Шерхан Мұртаза 1990 жылы мені Өзбекәлі Жәнібековтің үйіне жұмсап жіберді. «Бар да сөйлес!». Бар әңгіме де, бұйрық та осы. Өз-Аға үйінде түйе жүн шекпенін желбегей жамылып отыр екен. Екі сағаттай емін-еркін әңгіме-дүкен құрдық. Көп нәрсе айтылды. Сөз арасында Өзбекәлі ағамыз маған «Жәңгір ханды білесің бе?» деп сұрақ қойды. Махамбеттің «Хан емессің, қасқырсың» деп келетін өлең жолын бәріміз білеміз ғой. Соны айтқан болдым. Ойланып қалды. Іле «Сен Жәңгір ханның қалай өлгенін білесің бе?» деп қайыра сұрады. Сөйтті де өзі жауап берді.
–Жәңгірдің қазасы патша өкіметінен болды… Оның жеке шаштаразын азғырып, сақал-мұртын бастырып жатқанда улы бәкімен бір тамырын қиып жіберген…
Болды. Өзбекәлі аға бұдан ары ештеңе айтпады. Мен де «мұндай деректі қайдан алдыңыз?» деп елп ете қоймадым. Бірақ осы күнге дейін «ол кісі маған мұны неге айтты, ханның ажалы неден, қалай болғанын індетіп неге сұрамадым?» деп ойлай беремін.
Ішкі Орданың соңғы ханы Жәңгір Бөкейұлы 1845 жылы, 11 тамыз күні «кенеттен апоплексикалық соққы алады, қазіргі тілмен айтқанда, қан қысымы – инсульттен қаза тапты» делінеді. 5 тамыз күні тұмауратып қалған хан 10 тамызға дейін дәрігерлік көмексіз жатқан. Тек 10-ынан 11-іне қараған түні Саратов қаласынан медицина докторы Н.Троицкий алдыртылады. Ханның өлімінен 19 сағат бұрын келген дәрігер ешқандай көмек көрсете алмаған.
Доктор Н.Троицкий ханның ауруға шалдығуының физикалық себептеріне аптап ыстықты, ал психикалық және моральдық себептеріне ханша Фатиманың жазылмайтын дертке душар болуын, тақ мұрагері Сақыпкерейді асыға күтуін, ұлы кенет келген кезде қуаныштан қан қысымы артып кеткенін жатқызады.
Бөкейліктер әлеуметтік-экономикалық қысымға душар болғанымен ел басшысының өліміне қуанбаған және оған кінәлі Патша өкіметі деп тапқан. Ордалықтар отарлаушы биліктің мұндай әрекетке баруын жер мәселесінен іздеген. Олар ең алдымен, Орал казактары мен Бөкей Ордасы арасындағы шекараны анықтау үшін 1835 жылы генерал-майор П.Черкасовтың төрағалық етуімен құрылған межелеу комиссиясының жұмысын еске түсірген. Жәңгір хан алғаш рет осы комиссияның құрылуы туралы құлағдар болғанда рубасыларға халықты хабардар етуді тапсырған еді. Межелеу жұмысының басталуы қарсаңындағы ханның жұмбақ өлімі көшпелілердің санасына сенімсіздік ұялатты. Халық арасында патша үкіметі «қазақтарды басыбайлы шаруаларға айналдырып, әскерге алады екен» деген алыпқашпа әңгімелер тарайды. Патша өкіметі Ішкі Ордада қалыптасқан саяси дағдарысты пайдаланып, хандық билікті түпкілікті жоюға тырысты.
Барон Ф.Бюлердің 1844 жылғы 24 қарашадан 1945 жылғы қыркүйек айы аралығында Кіші Ордаға жасаған сапарында Жәңгір ханның ставкасы туралы, оның отбасы мүшелері жайында өте құнды деректер бар. 1845 жылғы қазан айында Санкт-Петербор қаласында жазылған мына бір хабарламасына көз жүгіртейік. «На днях получил печальное известие о внезапной кончине хана Джангера. Потеря чувствительная и для киргизской Внутренной Орды, который он был преобразобателем, и для правительства русского, которому был чрезвычайно предан. Вместе с этой вестью дошла до меня и другая: очаровательная ханша Фатима, ласковый прием которой всегда будет мне столь же памятен, как и понимание, оказанное мне ее мужем, незадолго перед ним скончалась».
1845 жылғы 15 қыркүйекте Мемлекеттік мүлік министрлігінің басқарушысы, тайный советник Н.Гамалеяның император Николай І-ге жасаған баяндамасында былай делінген. «Состоящий при хане Внутренней Киргизской Орды для особых поручений гвардии поручик Гусеинов донес, что хан сей Орды генерал-майор Джангер Букеев, после кратковременной болезни, 11-го сего августа умер».
Осы хатқа Николай патша былай деп бұрыштама жазыпты. «Весьма жаль, он был человек весьма преданный; кажется, в пажах старший его сын, малый весьма способный, но слишком молод, что бы ему можно было вверить управление; он отпущен был недавно на родину к больной матери».
1845 жылғы 15 тамызда Кіші Орданың бір топ сұлтандары мен би, старшындары Орынбор әскери губернаторы В.Обручевке Жәңгір ханның қаза болғанын хабарлайды. «Глубокое нечастье постигло Орду, 11-го числа августа скончался, после шестидневной горячки, отец, начальник наш, хан Джангер».
1845 жылғы 23 тамызда Орынбор шекаралық комиссиясы коллеж советник И.Бикмаевқа Жәңгір ханның өлімінің себебін анықтау, оның дүние-мүлкінің есебін алу және Кіші Орданы уақытша басқаруды ұйымдастыруға тапсырма береді. Кіші Орда ханының ставкасында қызмет істері жөніндегі аға аудармашы Первухин 11 тамыздағы №190-шы хабарламасында Комиссия төрағасына генерал-майор Жәңгір Бөкеевтің 5 тамыздан бастап ауырып, апоплексистік соққыдан тамыздың 11-інде түс ауа қайтыс болғанын хабарлаған. Жәңгір өз орнына ұлы Сақыпкерейді лайық көріп, Паж корпусында арнайы оқытқан екен. Заңдық тұрғыдағы тақ мұрагері Сақыпкерей Жәңгірұлы «кәмелеттік жасқа толмауына және Паж корпусында білім алуына» байланысты билікке жіберілмеді. 1845 жылдың 23 тамызынан бастап Орынбор басшылығы Уақытша билікті қалыптастыруды қолға алды. Орынбор шекаралық комиссиясы «Принимая в соображение, что сын покойного хана Сагиб-Гирей, достигший только 16 лет, на основании 215-й статьи Х тома Свода законов, не имеет права по несовершеннолетию на полное распоряжение и управление, как именем оставшимся после отца, так и Ордою, Комиссия сочла необходимым представить 17 августа за №8205 это обстоятельство во внимание г. Оренбургского военного губернатора» деп жазады.
Советник И.Бикмаевқа жедел түрде Кіші Ордаға бару, бара салып мына мәселелермен айналысу тапсырылады. «1. Дознать о смерти хана, не облекая. Впрочем, это в форму следствия». Екінші пунктте ханның барлық дүние мүлкінің есебін алу, оның ұрпақтарын қамқорлыққа алу, уақытша басқарушы адамды тағайындау, ханның аманаты жазылған болса, соны табу, көшірмесін комиссияға жеткізу, ру басшылары мен сұлтандарға ханның мұрагері айқындалғанша тыныштықты сақтауды қамтамасыз ету тапсырылады.
Бұл аралықта Кіші Орда толқу үстінде болды. Жәңгір ханның өлімін орыс ұлықтарынан көру белең алады. Осыған байланысты 1845 жылғы 28 тамызда Нижнеуральск линиясы Нижный дистанциясының бастығы есаул А.Назаров Уральск казак әскерлерінің полковнигі, атаман К.Гекеге Кіші Ордада Жәңгір ханның өліміне қатысты неше түрлі сыбыстардың шығып жатқанын хабарлайды. «Нарочито посланный мною в Ставку покойного хана Джангера Букеева и во внутрь Орды ныне возвратился и передал мне, что при ставка хана скорую смерть его приписывают к русским, будто бы хан помер не своею смертью и что русское правительство намерено обратить их в подушный оклад и солдатство, по причине этой между ордынцами происходит разногласие, одни избирают слабых к правлению двух султанов – Тяуку и Мендогирея, дабы воспользоваться этим случаем и нынешнею зимою перейти за Урал, другие, благомыслящие ордынцы, желают иметь правителем Орды султана Кучук-Галия Шигаева, в уверенности на российское правление и благоразумного его распорядительность остаться на прежнем их положении».
Сонымен, ханның ажалы неден болды?
Саратов дәрігерлік басқармасының мүшесі, медицина докторы, коллеж асессоры Н.Троицкийдің Орынбор шекаралық комиссиясының советнигі И.Бикмаевқа Жәңгір ханның өлімі себебін баяндаған хаты бар. 1845 жылғы 11 қыркүйекте жазылған. Онда былай делінген. «На отношение вашего высокоблагородия от 6 сентября за №2 сим честь имею уведомить, что прибыв в летнюю кочевку при р.Торгун в ночь с 10-го на 11-е число августа, за 19 часов до кончины хана Внутренней киргизской орды генерал-майора Джангер Букеева, нашел его одержимым поражение мозга, сопровождавшимся признаками нервной горячки с сильным приливом крови к голове, к которому он по сложению своему был расположен. Болезнь эта, находясь в причинной связи с влиянием солнечных лучей в знойные дни, началась, по уверению окружающих, от простуды вечером 5-го числа августа и, был оставлена без должных пособий, развилась да того, что все предпринятые мною в последние 19 часов его жизни врачебные пособия остались бездейственными. Сделавшийся 11-го числа, в исходе 6-го часа пополудни, внезапный приступ апоплексического кровяного удара, привел его в совершенное беспамятство, окончившееся, при конвульсивных движениях конечностей, смертью, последовавшей в 6 ½ пополудни. Кроме, врожденнего предрасположения к апоплексическому удару, зависящего от телостроения хана Джангера и полнокровного его сложения, и кроме упомянутых случайных причин, состоящих во влиянии солнечных лучей и простуды, никаких других физических причин, содействовавших к ускорению смерти его, мне неизвестно».
Мемлекеттік мүлік министрі Н.Гамалея Орда билеушісінің қазасын оның төртінші рет некеге тұруымен байланыстырған. Жәңгір 1844 жылы Қарауылқожа Бабажановтың қызы Салихаға үйленген болатын. Министрдің ойынша хан Фатиманың науқастығына орай енді өзінің жас әйеліне ынтық болып, алғашқысынан алшақтай бастаған. Сөйтіп, шенеунік ханның өз туысқандары тарапынан қасақана түрде қымызбен уланғандығын алға тартқан. Ханның ажалына ханша қызғанышы себеп болуы мүмкін бе? Егер инсульт себепкер болса, ханның аяқ-қолы жансыздануы керек еді… Жәңгірдің денсаулығы мықты болғандығын зерттеушілер жасырмайды.
Мемлекеттік мүлік министрлігінің басқарушысы Н.М. Гамалеяның Орынбор әскери губернаторы В.Обручевке Кіші Ордадағы жағдай туралы баяндаған хатының түпнұсқасын ұшыраттық. 1845 жылғы 28 тамызда ол былай деп хабарлаған. «Есть разные толки относительно скоропостижной смерти хана Джангера, хотя трудно всему верить; но, с другой стороны, зная лицемерие азиатцев и корыстолюбие жен их, иногда невольно неоднократно повторямые слухи кажутся как бы достоверными. Хан Джангер в прошлом году женился на другой, молодой жене – простой, необразованной киргизинке и по болезни первой жены, а более слабости человеческой, в нем замечаема была более и более привязанность к юной, прелестной собою супруге и некоторое охлаждение к первой, которая между тем всегда владела им и всем имуществом, что становилось для него уже отяготительно, имела слишком сильное влияние по родству своему на все управление и окружающего хана. Все родные ее и старший сын паж, хотя пользовавшись всегдашнею и неизменною привязанность к нему хана, смотрели на второе бракосочетание его весьма завистливом глазом, так что ныне, по приезде ханского сына из Санкт Петербург в Ставку и во все продолжение болезни отца, он видался с ханом очень редко. Болезнь же покойного состояла в том, что он, будучи совершенно здоров, даже заботившись о празднике по случаю приезда своего сына, почувствовал тяжкую боль во внутренних частях тела. Полагая причинною тому кумыс /обыкновенный напиток хана/, он еще прежде приезда медика принял рвотное и тем довершил болезнь свою, обратившуюся в род апоплексического удара. Ни кровопускание, ни горчичные синонизмы не были в состоянии восстановить ослабевающие силы хана, и он, томимый жаждою, выпил чашку чаю, лег отдохнуть, и спустя час времени прислужник застал его охолодевшего. Хан похоронен на другой же день после своей кончины. Вот слухи – довольно однообразные и неоднократно повторяемые разными лицами».
Қалай болғанда да, Жәңгір хан жұмбақ өліммен өлді. Небәрі – 44 жаста! Оның артынша әйелі Фатима, төрт-бес баласы да өледі. Кейінгі жас әйелі де құпия жағдайда көз жұмады. Соның бәрінің себебі бар еді… Оны кейін жазармыз…
Нұртөре ЖҮСІП
Айқын газеті