Орыс князьдерінің қару-жарағындағы құран сөздері

5.jpg

Осыдан біраз бұрын белгілі фольклоршы ғалым Исмаил Мунаев «Нахчийн фольклор» атты кітаптың алтыншы томын құрастырып, жарыққа шығарды. Тарихта қарапайым адамдар біле бермейтін, ашық айтыла қоймаған жайттар көп. Әсіресе, орыс тарихында. Мәселен, Мәскеуді поляктардан азат етуші Минин мен Пожарскийдің Қызыл алаңдағы ескерткішін бәріміз де білеміз. Бірақ бұл жеңістің ұйымдастырушысы һәм шабыттандырушысы чечен князі Черкасский екенін екінің бірі біле бермейді.

Бұл сөзімізге М.Н. Загоскиннің 1829 жылы шыққан «Юрий Мстиславский или русские в 1612 году» деген тарихи романы дәлел. Онда: «Біздің тыныш өмір сүруімізге ең әуелі Дмитрий Мамстрюкович Черкасский князь, сосын Григорий Образцов қарсы болатынына сөз жоқ. Бұл екеуінің біріншісі чечен князі Мамстрюктің ұлы болғандықтан әрі чечендер сияқты әрдайым кескілесуге даяр тұратындықтан сөйтеді. Ал екіншісі туабітті нижегородтық болғандықтан поляктарды ит етінен жек көреді...» – деп жазылған. « – Мен бізді  князь Дмитрий Михайлович Пожарский Мәскеуге бастап баратын болсын дегенмін, – дейді Черкаский. –Біз поляктарға нағыз жауапты сонда қайтарамыз! Біз Мәскеу маңайына өліктерді төсек қып тастағанда нижегородтықтарға не керек екенін сонда ғана білетін болады». Черкаский князьдің осы сөздерімен шабыттанған орыс жасақтары мен қосындары Минин мен Пожарскийдің басқаруымен жауға аттанып, Мәскеуді азат етеді дейді автор.

Иә, бүгінде Қызыл алаңдағы Минин мен Пожарскийдің жанында чечен князі Черкаский мүсіні жоқ. Ресей кешегі Отан соғысы кезінде ерлігімен көзге түсіп, Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылған чечендердің құжаттарын жойды. Тіпті, Рейхстагтың шатырына ту тіккен чечен Абдулхаким Исмаиловқа өзі жасаған ерлігі туралы да, ұлты кім екенін  айтуға да рота командирі тыйым салған. Сөйтіп, тек Егоров пен Кантария ғана ерлік даңққа бөленді.

Орыстың «аптада бес жұма бар» деген мәтелін талайымыз естіген болармыз. Ал оның шын мағынасы не екенін ойлап көрдік пе? Сөйтсек, бұрын Русьте де жұманы демалыс күні деп атаған екен. Ресми тарих бойынша Русь христиан дінін қабылдап, шоқынғанға шейін орыстар отқа, суға, пұтқа табынған. Сөйтіп, тек Х-шы ғасырдың соңында ғана Владимир князь елді бір дінге енгізуге кіріседі (988 ж.). Ол иудаизмді қабылдайын десе Израиль халқы Жаратушының қаһарына ұшыраған деп есептеледі. Ислам діні салауаттылықты талап ететіндіктен ішімдіксіз өмірді өмір құрлы көрмейтін орыстарға ол тура келмейді. Сондықтан православие орыстарға лайық деп табылады. Алайда, енді бір болжамдар мен аңыздарға сенсек, орыстарға православие дінін қабылдатқан  Иван Грозный екен дейтіндер де бар. Сол Иван Грозныйдың  күні бүгінге шейін Стокгольмдегі мұражайда сақтаулы дулығасы орыс ғалымдары жазған Ресей тарихының шәт-шәлекейін шығарды. Бұл жерде мәселе сол дулығадағы арабша жазуда болып отыр. Оны Иран Ислам Республикасының осы мұражайға барған консулы Сейіт Ғұламрез Мейғуни тәржімалап, бұл көне  диалектіде жазылған деп мағлұмдады. Иван Грозныйдың бұл дулығасындағы жазуды тәржімалағанда «Алла ұлық! Мұхаммед оның пайғамбары» боп шығады екен. Осыны естіген Андрей Рачев жеке зерттеу жүргізіп «Русьтің аспанында жарқырайды жарты Ай» деген еңбегінде Nww.stihi.ru 2010.02), Ресейде XIII-XIV ғасырларға шейін қасиетті Ислам діні уағыздалып келгенін анықтады. Тіпті, орыстың кейбір жерлерінде ол XV ғасырға шейін уағыздалып, салтанат құрып келгені айтылады. Бұл дулыға Иван Грозныйдікі екенін оның төменгі тұсында таза славян тілінде жазылған «Шелом (шлем – М.К) князя Ивана Васильевича, Великого Князя сына Василия Ивановича, господаря Всея Руси самодержца» деген жазу да нақтылай түседі. Бұл бұл ма, арабша жазуы бар бас киім тек Иван Грозныйда ғана емес, оған дейінгі ұлы князьдерде, де болған екен. Және бұл дулығаларды атақты ұста Никита Давыдов сияқты орыстың төл шеберлері жасаған. Ал Александр Невский князьдің дулығасында араб әріптерімен жазылған Құранның  «Шынайы Құдай жолын ұстанғандарға Аллаһтың шапағаты тиетінін және көп ұзамай жеңіске жететінін айтып қуант» деген сүре сөздері болған. Қадірлі оқырман бұның бәріне тағы да дәйек іздеп, әуреге түспеуі үшін Рачевтің мақаласынан үзінді келтірейік: «Айтпақшы, араб әрпімен жазылған Құран сүрелері Ресей князьдары  дулығаларында ғана емес, сонымен қатар олардың қылыштары мен қалқандарында да, сауыттары мен тіпті ыдыс-аяқ, құрал-саймандарында да өрнектелген еді. Ал Радзивиллов жылнамасында  өзінің астындағы тұлпарынан екі мәрте қаза тапқан, екі бейітке жерленген. Көреген Олегтің (вещий Олегтің) сарбаздары ұрысқа исламның жасыл жалауын көтеріп кіретін болған. Ал Олегтің өзінің қалқанында «Ад-дин ул Ислам!», яғни, «Киелі ислам діні үшін!» деген араб қарпімен жазылған жазу болған. Иә, Олег шайқаста жеңіске жетіп, Царьградтың дарбазасына өз қолымен қағып қойған қалқанындағы жазу осы! Дәл осындай көркем де қасиетті жазу Аскольд және Дир князьдердің қалқандарында да жазылған. Ол қалқандар Стокгольмдегі король мұражайында күні бүгінге шейін сақтаулы тұр. Ендеше, бұлардан басқа тура да нақты деректер бар ма?  Араб тарихшылары ресейлік тарихшылар сияқты тарихты ешқашан бұрмалаған емес. Ендеше, сол  замандардың тарихи жазбаларын зерделеп көрсек те жеткілікті болар еді. Мәселен, араб тарихшысы Мұхаммед әл-Иафи әл Салих: «Хижраның 300-жылы болгарлардың, славяндар мен русстардың жабайы тайпалары мұсылмандықты қабылдады. Бірақ олар Аллаһ жолынан тайып, кейін христиан болды»,–деп жазған. Ал парсы тарихшысы Зард Фахристани Киев Русіне келгенде оларды доңыз етін жейтін, ораза тұтпайтын өте жаман мұсылмандар екен деп қапаланады. Ерте ортағасырлардағы Русьте де исламның көптеген айғақтарын кездестіруге болады, ол кездегі шіркеулер күмбезі мешіттер күмбездерімен егіз қозыдай ұқсас болды. Ал көне православиелік әдет-ғұрыптардың ырымдары мен тыйымдары мұсылмандыққа өте ұқсас еді. Мысалы, ежелгі Русьте жұма демалыс күні болып белгіленген.

Русьтің ислам дінінен православиеге өтуі XV-XVI ғасырларға шейін созылды. Біз көне Ресейдің, орыс халқының ислам дініне тікелей байланысты тұстарынан аздаған ғана мысал келтірдік. Бұған шейін Мәскеу князі Василийдің Алтын Орда ханының мәрмәр тақтадағы табанының таңбасына бас иіп  князь атану үшін ант беріп жатқан суретін, гетман Богдан Хмельницкийдің намаз оқып отырған суретін баспасөзде жариялағанбыз. Сол сияқты, А. Пушкиннің, И.Буниннің қасиетті Ислам дініне, Құранға, орамал тартатын мұсылман әйелдеріне арнап жазған   мақтау өлеңдерін қазақшаға тәржімалап та көргенбіз.

Ал Л.Толстой, А.Блок, А.Куприн ислам діні туралы оның ақиқатшылдығына, әділетшілдігіне, аса жоғары адамгершілік пен мәдениеттілігіне таңдай қағып тамсана жазған. Тіпті солардың біразы мұсылмандықты қабылдаған көрінеді. Әттең, әлі де болса империалистік, шовинистік пиғылдан арылмай, әлі де біз «ұлы орыс халқымыз» деп кеудесін сабалайтын тарихшылар мен ғалымдар мұның бәрін жұртшылықтан жасырып ұстап, білдірмеуге тырысады. Ол аз болғандай оларға әлі де құлдық санадан арылмаған қазақтар қосылатынын қайтерсің. Сондықтан мұндай зор тарихи маңызы бар дүниелерді тек әлеуметтік желілерден ғана алып жүрміз.

Мырзан КЕНЖЕБАЙ

Abai.kz



Ұқсас тақырыптар