Бұл жерде М.Шаханов ағамызда «самауырды су алғанда, Самарқанды су алды» дегендей қатты кетушілік бар. Халықты ағарту үшін, өзі жырлап жүрген сөз патшалғымен сіңіріп айту керек еді. Уақыт пен кеңістік ұғымын ұштастырып, қазақтың көркем сөзімен әдіптеп жеткізсе нағыз құлдықтан ағарту жұмысы осы болар еді.
Әрине шындық ешкімге жақпайды, шынын айтқанда мақтаудан да ығыр болып кеткен жайы бар халықтың, әсіресе кеңестік қызыл үкіметті жырлаған қызыл өлеңдер мен кітаптар тасқа басылғандай санамызда сол Сталинның елесі қалып қойды. Ал бүгін де сол сана өзгермей тұр, ағармай тұр. Қысқасы даналық жетіспей жатыр. Өйткені парасат пен жеткізетін тетік бұл емес екеніні түсіндік.
Ғылым мен ағартушылық пен айналысатын кезде, көр жерді сөз қылып қызыл сөзді суша сапырып көбік сөзді жырлағаннан, қикаят жазғаннан дым пайда жоқ. Парасатқа жеткізбейді дегенім осы. Аллаһтың ақиқатын қабылдап, ақ пен қараны ажыратып, «ақылға сәуле қондырса» (Абай) ол шын ағартушылық жол, себебі бұл жолда сана нұрланатыны шындық. Абай да, Шәкерім де мұсылмандық жолда болған соң халқын шын сүйіп ағартушылықпен аянбай күресті, халықтың шын жанашыры болды.
Берекесіздікке келгенде сол сол 560 адамның басы біріге қалғанына таңғалдық. Жазушылар Одағынан шығару туралы арыз жазып, сотқа тартпақ болғаны енді сұмдық. Ел мен халықтық мәселеде төбе адамдар арыз-шағымда біріге қалыпты. Өзінің еркіндігі үшін күрескен жанашыр тұлғасын тізерлетіп, қудалау. Қалам ұстаған кәрі мен жасы айыптап қалмастан, тіпті кейбірінің Одақтан ғана шығару ғана емес, сот арқылы нақты жазалау керек дегенін естіп таң қалдым. Сонша не істеп қойды деп? Соны жазған ақынсымақ әйелдің арандатып отырғанына таң қалдым. Жазушылар Одағына Шаханов мұқтаж емес, қайта олар М.Шаханов сияқты тұлғаға мұқтаж.
560 адам жиналып БАҚ-ты шулатып жүруі Сталиндік сана өзгермегеннің көрінісі. Қазақтың жауы қазақ деген ұғымы осы науқанды қыздыра түскендей. Әрине, шыр-пыр болып жүргендер атаның емес адамның ұлы болу туралы айтқан Абай тағылмына қарсы келіп тұр. Сөз бостандығын билік емес халық өзі тұншықтырса өзі білсін. Қызыл үкіметтің қызыл өлеңін суша сапырған Жамбыл атамыз үшін аттан салғандар бостандықтың қадірін, әлі мұрнына исі де бармағанын түсіндім. Ұрпақты құлдықтан, отарлық санадан құтқару үшін Шаханов лидер деуге болады. Оның үстіне Шаханов иман келтіріп, бес парызын орындап, ақ пен қараны тіпті де ажырата бастағаны сол ақын-жазушылардан тіпті де өзгеше Абай, Шәкерімдер сияқты халықтың жанашыры екендігін де әйгілей түскендей. Бұл тартыс Шахановтың жеке басының дауы емес, әлемдік, адамзаттық отарлық сана мен бостандықтың күресі дер едім. Бір ағамыз айтып еді кеше: «Бүкіл елдегі ұрпақты отарландыратын қызыл Үкіметтің Күн көсемді дәріптейтін, болмаса рухқа кіреуке түсіретін кітаптарды тегіс өртеу керек», -деп. М.Шаханов жалғыз ЖО-ғы санасы бостандыққа ие жалғыз ақын. Алаш арыстарының соңғы сілкінісі. Нағыз рухани жаңғыру деген осы. М.Шаханов жаққан бүгінгі қазақтың рухани сәулесі.
Сталиндік отарлық сана туралы Ықлас Ожай былай жырлайды:
Құдайсыздық көңіл жығар
Біздің қоғам борсыған ой қотыр сөз,
Сіздер соған шырматылып отырсыз.
Мен осындай ойсыздықтан ұшынып,
Өзімді-өзім өгей халге түсірдім.
Тамыр біткен ісініп.
Айқайлайды жер қуырып апшысын,
Жайқалып тұр жануарлық түсінік,
Себебі біз: Санасы өлі елденбіз,
Біздің қоғам тәтті ұйқының төсегі,
Біздің ғұмыр ояу жүріп көрген түс,
Анау алаш заманында
Ахметтің аспаны аңқып ұғымы,
Мазақ етіп кісәпір мен азғыны..
Қара жерді қызыл қанмен суарған
Біздің сана СТАЛИННІҢ ЕЛЕСІ..
Біздің ақыл абақтының мазмұны..
Деген жырлаған түйреген қызыл үкімет пен Күн көсемді..
Айтайын дегенім Сол Сталиннің кезінде төрт жарым миллион қазақ геноцитке ұшырады. Сол кезде Сталинді, Күн көсемді мақтап аман қалғандар бар шығар. Шарасыздан шалға тидім демекші, амалсыздан солай істеу, жазу керек болған шығар, ол үшін сол кезеңдегі аталармызды айптау әділетсіздік болар. Бірақ заман мен адам санасын, қазақты құтқаруға себеп болу үшін қызыл үкіметтің қызыл өлеңі мен кітаптарын оқулықтан, кітап дүкендерінен алып тастау керек деп білем. М.Шахановты қоғамнан қуғындау рухани күйреу деп білем. Қысқасы бізде зиялы қалмаған екен. Қалам ұстағандардың 90 пайызы Мұхтарға қарсы уын шашып жатыр. Әрине ақынды қарапайым қалық қолдап жазып жатыр, өйткені ол халықтың адамы.
Серік Боқан