Шымкенттегі Асар шағын ауданындағы орта мектепте 21 сәуірде қайғылы оқиға болды, деп хабарлады tengrinews.kz порталы TVK сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, 1990 жылы туған информатика пәнінің мұғалімі кабинеттердің бірінде асылып тұрған жерінде табылған. Оқиға болған жерге полицейлер мен жедел жәрдем бригадасы шақыртылды. Шұғыл жеткен дәрігерлер оның өлі екенін анықтады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 1990 жылы туған ер адам өз-өзіне қол салған. Ол өлер алдында хат қалдырды ма, жоқ па, әлі белгісіз. Бұл оқиғаның мән-жайын тергеу анықтайтын болады.