ШҚО-да педагог мектепте босанып, баласын дәретханаға тастап кеткен

10.jpg


Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданына қарасты Некрасов ауылында жергілікті мектепте педагог-психолог қызметінде жұмыс істейтін жас келіншек мектепте босанып, шақалағын оқу ордасындағы дәретханаға тастап кеткен деп хабарлады Sn.kz порталының тілшісі. Бұл туралы ақпаратты осы мектептің директоры Нұрсипа Көсенқызы растап отыр.

Оқиға 7 сәуір күні болған екен. Алайда, бұл туралы ешкім тіс жармаған. Тек әлеуметтік желіде тараған ақпараттан кейін ғана мектеп басшылары мен аудандық Білім бөлімінің басшысы Сәуле Орынбайқызы қайғылы оқиғаның болғаны өтірік еместігін айтты.

«Менің өзім мектептің директорынан естідім. Қылмыстық іс қозғалған болар, бірақ ол туралы ақпаратым жоқ. Бізде әзірге толыққанды ақпарат жоқ», – деді ШҚО Үржар аудандық білім бөлімінің басшысы Сәуле Орынбайқызы.

Өкінішке қарай, сәбиді аман алып қалу мүмкін болмапты.

«Бала қайтыс боп кеткен. Мұғалім тұрмысқа шықпаған. Ол бізде педагог-психолог болып жұмыс істейді, шынын айтсам жақын танымаймын», – дейді мектеп директоры Нұрсипа Көкенқызы.



Ұқсас тақырыптар