Қазақстанның екі азаматы мен Оңтүстік Кореяның бір азаматы қыздарды шетелге шығарып, жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Бұл жайында ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев хабарлады, деп жазды Tengrinews.kz
"Астанада қалалық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері жедел әрекетінің нәтижесінде Оңтүстік Кореяның бір азаматы мен Қазақстанның екі азаматы ұсталды, олар қыздарды шетелде жезөкшелікпен айналысуға тартқан", - деді Сәдубаев.
ІІМ өкілінің мәліметінше, шетелдік бұл қылмыстық топтың жетекшісі болған.