Алматыда менингококк инфекциясынан студент қайтыс болды

2.jpg


Алматыдағы менингококк инфекциясынан 1-курс студенті қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл мәліметті қалалық Денсаулық сақтау департаментінің өкілдері растады. 

"Кеше таңертең 1-курс студенті келіп түсті. Кешке қарай менингококк инфекциясы салдарынан көз жұмды", - деп хабарлады департамент басшыс Айзат Молдағасымова. 

Еске сала кетейік, 21 мамырда бұл дерт 15 адамда анықталған еді. Жалпы үш адам қайтыс болды - екі ересек адам мен бір бала. 

Менингококк инфекциясы - инфекциялық жұқпалы ауру, ол түрлі клиникалық белгілермен бактериялар арқылы пайда болады - таратушыда белгілері білінбейтін болуы да мүмкін немесе назофарингиттен (мұрын-жұтқыншақ қабынуы), менингиттен (ми қабығының қабынуы) болуы мүмкін. Инфекцияның көзі - ауру адамдар және дені сау таратушылар.



Ұқсас тақырыптар