Семейде УАЗ полиция көлігі жедел жәрдем көлігімен соқтығысқаннан кейін, аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жедел жәрдем көлігі қосалқы көшенің негізгі жолымен жүріп келе жатқан. Ал тəртіп сақшыларының көлігі патрульдік дабыл құралдары əрі жарық шамдарын қосып қозғалған. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр» , - деді қалалық ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов.
Көлік апаты Қабанбай батыр көшесінде болған. Абырой болғанда оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.