Алматыдағы Құлжа тасжолында қоймалар өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.
Өрт 28 маусымда шамамен таңғы сағат 06.00-де басталған. Алматы қалалық ТЖД "101" пультіне Түрксіб ауданы, Қайрат ықшамауданы, Тәттімбетов көшесі, № 282 үйдегі қойма ғимараттарынан өрт шыққаны жайлы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Ангарлық типтегі қоймалардан өрт шыққан. Өрттің аумағы - шамамен 3 000 шаршы метр. Өртті сөндіруге Алматының Өрт сөндіру қызметінің 75 қызметкері мен 20 дана техника жұмылдырылды. Төтенше жағдайды жоюға тікұшақ жіберілді. Кейінірек қосымша мәлімет беріледі", - деп хабарлады ведомство өкілі.
Қазіргі уақытта портал оқырмандары өрттің суреттері мен видеоларын жариялап жатыр.