«Қытаймен дипломатияны тоқтатыңдар, экономикалық байланыс үзілсін»

китай.jpg

Фото: REUTERS

"Қытаймен дипломатияны тоқтатыңдар, экономикалық байланыс үзілсін" деп мәселе қойған бір адам жоқ! 

"Қытаймен қандай келісім-шартқа отырдық, ол қандай жобалар, екі ел арасында жасалған келісім - шартқа экспертиза жасалды ма. Одан нақты қазақ не ұтады?" деген талап қойып отыр xалық. Дұрыс талап! Халық болашағы үшін алаңдайды! Ұрпағы мен жері, байлығы үшін қам жейді! Қытаймен экономикалық байланыс қаншалықты тереңдеп кеткендігін жұрт білуге тиіс. Сол себептен бүкіл жоба xалық назарына ұсынылуы тиіс! Иә-иә, Қытай фобиясы үдеп тұр! Неге? Тағы айтам, ата-бабамыз мирас еткен кең байтақ территориямыз бар, Қытайдың бір облысындай ғана xалқымыздың саны бар, қойнауымыз толы байлығымыз бар және ең бастысы барлық жағынан қуатты алып мемлекеттің іргесінде отырмыз емес пе? Көкелерім-ау, көршісі алып Қытай болса, қазақ қорықпағанда кім қорқады? Иә, дұрыс айтады, 2 жыл бұрын Ресеймен арадағы шекараға Қытай өз ядролық қаруларын тізіп қойғанда, саяси ойындарды өз ережесімен ойната бастаған Путин не істей алды? Өзен-көлдеріміздің бастауы Қытайда, сол бастауын қолдан байлап отырған оларға біз не істей алып отырмыз? Мұның барлығы түсінікті әңгіме... 

"Қытай ешбір елді басып кірмеген мемлекет, этностарға геноцид жүргізбеген. Агрессиялы саясат жүргізбейді" дегенді дәйек ететіндерге қайран қаламын. Айналайындар-ау, ондай ертегілеріңізді қойыңыздар! Қытайдың Үндістан, Жапонияның аралдарына байланысты шешілмеген мәселелер әлі де бар, Тайваньның аралы үшін кикілжін, Даманский аралы үшін Кеңестік Одақпен, Сенкаку үшін Жапониямен, Солтүстік Корея, Филиппинмен, 1979-шы жылғы Въетнаммен болған қақтығысты еске түсіріңіздер! Оңтүстік, Шығыс-Қытай теңізіне байланысты дау ше? Территориялық спор бойынша жеңіске жетіп келе жатқан да Қытай! Білгіштерім-ау, Қытай Тибетпен не істеп отыр? Ойланып көріңіздер! Дэн Сяопин не деді кезінде: "xладнокровно наблюдать, спокойно относится к иностранным делам, соxранять свою позицию, скрывать свои возможности, выжидать, осуществлять то, что возможно" 

Үлпілдек, қойдан жуас, мақтадан мамық, сүттен ақ, судан таза ел жасауды қою керек! Халықтың алаңы дұрыс!

Айтпақшы, жаман айтпай жақсы жоқ, Қытай бізге (беті әрмен болсын) шабуыл жасайтын болса, БҰҰ-ның мінберінде мен бетімді тырнап, шашымды жұлсам да, ешкім бізге көмектеспейді... Сол себептен, 

қазір Қытайға қол жая бермей, көп көлемде қарыз ала бермей, дамудың басқа стратегиялық бағыттарын іздеп, дұрыс экономикалық саясат жүргізуіміз керек! Қытайға кіріптар болмауымыз керек! Біреудің қалтасына түсіп жатқан дивиденттер қазаққа ештеңе бермейді! Және xалық Қытайға байланысты қандай саяси -экономикалық шешімдер қабылданып жатыр, лупамен қарап отыруы тиіс! Соның бәрі кім үшін? Болашақ үшін! Өткенге опынып қалмас үшін! Қытаймен жасалған келісімдердің бірін қалдырмай ел алдында жариялануын талап етемін!

Ана дау, мына дау деп өтірік қолдан жасалған дауларға, өтірік соттарға сенбеңіздер! Халықтың назарын экономикалық жобадан басқаға бұру үшін жасалған ойындарды, екеуара ел чекистері арасында жасалған спектакльді ажыратыңыздар! 

Экономикалық жоба! Ең маңыздысы осы!!!

Қытайсыз да дамып, өсіп-өркендеп, гүлдеп жатқан мемлекеттер баршылық!


Дина Елгезек

Facebook-тегі парақшасынан



Ұқсас тақырыптар