Өскеменнің экс-депутатын өзін зорлады деп жалған айып тапқан қыз 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі yk.kz-ке сілтеме жасап.
«Жалған айыптау бұл бұқаралық айыптау ісі, оны тергеу түскен шағымнан тәуелсіз белгіленеді», - деді судья Назгүл Рахметуллина.
Еске сала кетсек, Елена Иванова бастығы, бұрынғы депутат Ержан Сқақовты өзін зорлады деп айыптаған. Кейінірек Сқақов ақталып шығып, зорлау фактісі дәлелденбеді. Осыдан кейін Елена мен оған көмектескен Сқақовтың туысы Оразбек Қатпановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар осындай жалған өсекті ұйымдастырғандары үшін айыпталды.
Бұл іс Шемонаиха аудандық сотында қаралды. Иванова мен Қатпанов кінәлі деп танылды. Елена 3 жылға, ал Қатпанов 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.