Оқыс оқиға Алматыдағы Алмалы көшесінің бойында болған. Жүргізушіні өзі басқарған жүк көлігі басып кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жүк көлігі басқа ауыр көліктің жетегінде болған. Қырға көтеріліп бара жатқанда тартқыш жіп үзіліп, жарылып кетті. Құм тиеген жүк көлігі астыға қарай түседі.
Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі соқтығысудан аман қалу үшін тоқтау тетігі істен шыққан көліктен шықпақ болған. Ол автокөліктен секіріп кетті.
Дейтұрғанмен, оның өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. Жүк көлігі құммен қоса бір бүйіріне қарай құлап, жүргізушіні зақымдаған. Аударылмас бұрын көлік жекеменшік үйге кіріп кетіпті.