Қазақстан Ұлттық ядролық орталығының ғалымдары атом көлінің демалушыларға қауіпті екенін айтып, дабыл қағып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Су қоймасы бұрынғы Семей полигонының аумағында орналасқан. Бұл термоядорлық жарылыстардың салдарынан пайда болған радиациялық қауіпті нысан. Өңір тұрғындары бұны білмейді деу қиын. Осыған қарамастан көл жағасына балаларымен келіп демалатындар көп. Мамандардың айтуынша, су қоймасында уақыт өткізу өте қауіпті. Өйткені демалыс барысында адам ағзасына топырақ құрамындағы радионуклидтер еніп, зиянды сәуленың зардабы тиуі мүмкін. ҰЯО ғалымдары көл жағасына арнай іссапармен барып, демалушыларға осы жайды түсіндірген. Алайда еш нәтиже шықпаған көрінеді.
– Соңғы іссапар барысында біз демалушыларға атом көлінде уақыт өткізудің қаншалықты қауіпті екенін түсіндірдік. Өкінішке қарай, адамдар түсінбейді немесе бұл жағдайға аса мән беремейді. Көлде радиациялық фонның көрсеткіші жоғары, дегенмен бұл негізгі қауіп емес. Негізгі қауіп – радионуклидтердің ауа арқылы ағзаға енуі. Демалуышлар байқаусызда радионуклид бөлшектері бар топырақты сумен жұтып қоюы да мүмкін ғой, – деді ҚР ҰЯО радиациялық қауіпсіздік пен экология институтының бөлім басшысы Андрей Паницкий.
Дереккөз: altaynews.kz