Бұл туралы ақпаратты Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға болған жердегі сурет әлеуметтік желілерде жарияланды.
«Бүгін 14 жастағы қыз бала демалушылардың көзінше суға батып кетті. Құтқарушыларды былай қойғанда, оқиға орнына жедел жәрдем де, полиция қызметкерлері де келген жоқ. Ол жарты сағаттан кейін келді. Су аймағында бірде бір құтқарушы болған жоқ. Құүтқарушылар оқиға орнына келген соң қызды судан алып шықты да, кетіп қалды. Суға батқан қыздың туыстары қайғырып, оны өмірге қайта алып келу үшін массаж, жасанды тыныс алу жасады. Бірде бір жағалау жұмысшысы мен әкімшілік қызметкері келіп, оларға қол ұшын созған жоқ. Қыз көз жұмды», - делінген жазбада.
Ал облыстық ТЖД 29 шілде күні сағат 20:30-да «Алау» жекеменшік жағалауында ТЖД қызметкерлерінің күшімен 15 жастағы қыздың мәйіті судан алынғанын хабарлады. Қыз бала суға 19:44-те батып кеткен еді.