Алматыда үш ер адам әйелдің 28 мың АҚШ доллары сомасында ақшасын тонап кетті деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, әйелді көше ортасында тонаған. "2018 жылы 16 тамызда Алматыда ІІД криминалдық полиция қызметкерлері әйелдің 28 мың АҚШ долларын тонаған үш жергілікті тұрғынды ұстады, олар бұған дейін сотты болған", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Ұрланған ақша тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.