Алтайда болған жол апатынан зардап шеккен қазақстандық әйел ауыр жағдайда жатыр

5.jpg

Алтай Республикасында болған жол апатынан зардап шеккен қазақстандық 69 жастағы әйел ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 "Жол-көлік оқиғасы жайлы естіген соң Омбыдағы консулдарымыз жергілікті билік өкілдерімен байланысқа шықты. Әйел бас жарақатын алған, жағдайы ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайын біздің консулдықтың өкілдері бақылап отыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

РИА Новости мәліметінше, бейсенбіде түнгі уақытта Алтай Республикасында автожолда шағын автобус аударылып кеткен. Автобустағы 15 адам Моңғолия азаматтары болған, 12 адам зардап шеккен. Istana шағын автобусының жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай, жол бойынан шығып, аударылып кеткен.



Ұқсас тақырыптар