Көшеде олар бір-бірімен сөзге келіспей қалған. Жәбірленуші оған ауыр сөздер айтып, намысына тиіпті. Ер адам оның жақ сүйегі мен бетінен ұрып, артынша жердегі таспен ұрып өлтірген деп жазады Аlau.kz.
Қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының мәліметінше, оқиға Қостанайда болған.
Қостанай тұрғыны жәбрленушінің басынан бірнеше рет таспен ұрып тастаған. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды.