Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин ұлттық бюроның 10 айдағы жұмыс нәтижесінің қорытындысымен бөлісті.
Оның айтуынша, 10 айда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 2 361 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Оның 1 726 немесе 73% сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар.
Тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың 57% - парақорлық фактісін (1726-ның ішінде 979-і), үштен бірі жымқыру фактісін – 29% (1726-ның ішінде 506-і) құрайды.
«Сотқа 2 136 қылмыстық іс жіберілген. Келтірілген 14,4 млрд теңге залалдың 12,8 млрд теңгесі немесе 89% өтелді. Күдіктілердің 42,7 млрд теңгені құрайтын мүлкіне тыйым салынды», - деді ол.
Осы орайда Арман Бердалин ағымдағы жылдың басынан қылмыстық жауапкершілікке 35 әкім мен олардың орынбасарлары тартылып жатқанын атап өтті. Оның ішінде 1 облыстық, 6 аудандық, 5 қалалық, 23 ауылдық деңгейдегі әкім бар.
«Жалпы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың көпшілігі барлық деңгейдегі әкімдіктердің қызметшілері (213), ішкі істер органдарының (176) және Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлеріне (43) келеді. Құрылыс (187), білім (138), ауыл шаруашылығы (135), тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы (131) және жер қатынастары (108) салалары әлі де тәуекелді салалар қатарынан табылуда», - деді басшы.
Осы орайда департамент басшысы парақорлық үшін Қостанай және Шығыс-Қазақстан облыстарында 3 фемида өкілі әшкереленді. Қазіргі уақытта оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
BAQ.KZ