Фируза Шәріпованың титулынан не себепті айрылып қалғаны белгілі болды

3.jpg

Фируза Шәріпова IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан және WBC Silver белбеуінен айырылды. Спортшы оның себебі туралы  айтып берді деп жазады ҚазАқпарат.

«Бұл - қалыпты жағдай, себебі бір жылдан бері қорғалған жоқ. Чемпион өз белбеуін қорғауы тиіс. Өткен жылдың соңында Ева Вальстреммен бірлескен айқас өткізуді жоспарладық. Ол - WBC тұжырымы бойынша чемпиондық титулдың иегері. Қаржыландыруға көмек сұрадық. Әкімдіктер мен Мәдениет және спорт министріне хат жолдадық. Өкінішке қарай, бізге қаражат табылмады», - деді Ф. Шәріпова. Оның айтуынша, Е. Вальстрем үлкен көлемдегі гонорар сұраған.

«Мұның алдында WIBA титулын қорғадым, сондықтан мен осы нұсқадағы әлем чемпионымын. Мен белбеулерімді жоғалтқан жоқпын, келесі айқаста оны рингке алып шығамын. Мен осы нұсқадағы қазіргі әлем чемпионы мәртебесінен айырылдым. Бұл менің және командамның кінәсі емес - мен одан айқаста жеңілгендіктен айырылмадым. Қазақстанда бізді ешкім қолдаған жоқ», - деп атап өтті ол.

Спортшы мұнымен тоқтап қалмай, басқа салмақ дәрежесінде титулын қорғамақ.

«Қазіргі уақытта 63,5 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы титулын иелену үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қазір демеуші іздестіру үстіндеміз, бұл мәселе әлі шешілген жоқ. Күн сайын серіктестік туралы ұсыныстар жолдап жатырмыз, бірақ ешкім әлі келісім бермеді», - деп атап өтті Ф.Шәріпова.

Бұдан бұрын БАҚ-та Ф.Шәріпованың IBO тұжырымы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылғаны туралы ақпарат жарияланған еді.



Ұқсас тақырыптар