Бүгін «AntikorNEWS» шығарылымының тікелей эфирі барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров Агенттікпен аяқталған қылмыстық істер бойынша айыптау үкімдері туралы айтып өтті.
Оның айтуынша, Алматы қаласы №2 Медеу аудандық сотының үкімімен Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының судьясы Б.Е. Батырханов 4 жылға бас бостандығынан айрылған.
Ол Н.Н.Қоңыртаевадан Алматы қаласында орналасқан тұрғын үйді жер телімімен қоса мемлекеттік қажеттілікке алу бойынша азаматтық істі оң шешу үшін 850 000 теңге сомасында пара алуда күдікті болған.
Батырханов мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айрылды.