Мақал-мәтелдердің дінмен байланысы

2.jpg

 

Ислам діні-мәңгілік әрі әлемдік дін. Әр елдің мұсылмандары өздерінің дәстүрлеріне сай ислам дінің ұстанып келеді. Себебі, ислам шариғатқа қайшы келмейтін дәстүрлерді жоққа шығармайды, тіпті қолдап құптайды. Казіргі кейбір мұсылмандар ішінара  кейбір дәстүрді исламда жоқ – деп есептейді. Әрине, бұл теріс пікір. Жалпы ислам шариғатты орындауда өзінің еркіне салған. Яғни, біздің дәстүрдегі амалдарымыз шариғатқа қарсы келмесе, оны орындаудың дінге қайшылығы жоқ. Демек, әр елдегі мұсылмандар дінді өздерінің дәстүрлеріне сіңіріп жіберген десе де болады. Бұның бір нақты дәлелі қазақтың мақал-мәтелдері мен өлеңдеріне, зер салып қарасақ астарында аятпен хадис бар, аят пен хадистің сөздеріне  негізделіп түсіндірілгенін байқауға болады. Сөзімізге дәлел ретінде бірнеше мақал-мәтелдермен өлеңді талдап көрейік. Мысалы отанға байланысты: «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»,  «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне»  мағынасында бұл халқымызды отансүйгіштікке баулитын мағынаны береді. Өйткені отансүйгіштік мұсылманның негізі міндеттерінің бірі.  Расында «отансүйгіштік», «патриотизм» ұғымдары асыл дінімізбен астасып жатыр. Дінімізде «Отанды сүю иманнан!» деген нақыл сөз бар, бұл жайында хадисте, Алла елшісі өзі туған Мекке қаласынан Мадина қаласына қоныс аударатын уақытта, Мекке қаласына қарап тұрып «Алланың атымен ант етейін, сен жер бетіндегі ең жақсы мекенсің және менің сүйікті туған жерімсің, егер сенің тұрғындарын мені шығармағанда сенен басқа жерде тұрақтамас едім»,-деп жеткізген (Табарани риуаяты). Шынында әр азаматтың өз елін жақсы көруі шынайы имандылықтың көрінісі.Тағы бір қарапайым мысал, білімге байланысты: «Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады». Ілім жайында хадистер өте көп, солардың бірі Мұхаммед (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Білім алу әрбір мұсылман ер кісіге де, мұсылман әйелге де парыз» - деп,  ілім ізденудің маңыздылығын ескерткен.

Құран  кәрімде білімнің артықшылығын бізге былай баяндайды: «Білетіндер мен білмейтіндер тең ба? Шын мәнінде ақыл иелері ғана ғибрат ала алады!»,-деген («Зумар сүресі, 9 аят) сияқты аяттарын барын білеміз. Демек түсіндірілген мақал-мәтелдердің бәрі аят-хадистардың астарына негізделген. Ата-бабаларымыз дінді мықты білгені соншалықты, бізге шариғатты қарапайым сөздермен, мақал-мәтел қылып жазып, түсіндіріп кеткен. Бұхар жырау атамыздың «тілек» - деген өлеңінде келеді:

Бірінші тілек тілеңіз,

Бір Аллаға жазбасқа.

Екінші тілек тілеңіз,

Ең шұғыл пасық залымның,

Тіліне еріп азбасқа.

Үшінші тілек тілеңіз,

Үшкілсіз көйлек кимеске.

Төртінші тілек тілеңіз,

Төрде төсек тартып жатпасқа.

Бесінші тілек тілеңіз,

Бес уақытты бес намаз,

Біреуі қаза қалмасқа.

Өлеңнің мағынасы шариғатпен астарлап түсіндіріліп жатыр. Бізге Алланы тануымызды, намаздың парыздығын түсіндіріп өткен. Біздегі мақал -мәтелдер барлығы рухани құндылықтарды насихаттайды. Халқымызда: «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген керемет нақыл сөз бар. Осыған орай: әдет-ғұрыптардың барлығы дерлік әлбетте бірдей емес. Сол үшін де, оларға бір жақты қараудан мағынасын тікелей түсінуден аулақ болу керек.  Мақал-мәтелдердің ішінде дінмен дәстүрді байланыстырып, кең мағына беріп ұштасып отырғандығын көруге болады. Қазақтың мақал-мәтелдеріне амал ету арқылы, адамгершілік қасиеттерді жоғарлатуға, руханиятымызды арттыруда маңызы зор.

 

ШҚО ДМЗО Семей өңірлік секторының теологы

Қ.Тұрсынғалиев

 

 



Ұқсас тақырыптар