Израиль Сирияға зымыранмен соққы жасады

5.jpg


17 қарашаға қараған түні Сирияның мемлекеттік SANA агенттігінің хабарлауынша, шамамен сағат 00:45-те Израиль әуе күштері Голан биіктігінен Дамаск маңындағы нысанаға зымырандық шабуыл жасаған.


SANA хабарламасында: "Дамасктың оңтүстігіндегі нысанаға екі зымыран атылды. Жау зымырандарының бірі атып түсірілді, зардап шеккендер жоқ" делінген. Дереккөздің айтуынша, соққы әскери нысанға жасалған.


Лондонда орналасқан адам құқықтарын бақылау жөніндегі Сирия обсерваториясы (SOHR) шабуылдың Иран мен Хизболлаға қатысы бар содырлардың штаб-пәтері мен казармалары орналасқан аймаққа бағытталғанын жазды. Бұл Израиль армиясының Сириядағы нысандарға биылғы 25-ші соққысы.


Abai.kz



Ұқсас тақырыптар