Алматы қалалық полиция Департаменті «Жетісу» шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде әйел алдымен үш баласын 9 қабаттан лақтырып, артынша өзі секіріп мерт болғанын хабарлады.
«28 жастағы әйел мен оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Әйел мен екі бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды»,-делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында Алматы қаласы ПД-де жедел-тергеу тобы құрылды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.