Назарбаев Nur Otan партиясының төрағалығынан кетті

1.jpg


Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін береді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Mezgil.kz.


«Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдап, партияны ел Президенті басқаруы тиіс екенін атап өтті. Өкілеттіктерді беру рәсімі партияның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады», - деп жазды Айдос Үкібай.


Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойғаны хабарланған болатын.



Ұқсас тақырыптар