Жанболат Мамай таратып жатқан ақпарат дәйексіз - агенттік

1639036227mogb3_1000x768.jpg


Қазіргі уақытта Жанболат Мамай әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қарыздардың барлық түрлері бойынша «кредиттік рақымшылық» жарияланыпты-мыс деген дәйексіз ақпарат таратуды жалғастыруда.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (Агенттік) Ж. Мамайдың бұл мәлімдемелері дәйексіз екендігін және өзінің жеке саяси мақсаттарын іске асыру үшін азаматтарды адастыратынын мәлімдеді.

Агенттік қазіргі уақытта Қазақстанда 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде теңгемен ипотекалық қарыз, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін валюталық ипотекалық қарыз алған халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсету үшін Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын (Бағдарлама) іске асыру жалғастырылып жатқандығын хабарлады.

«Мұндай қарыз алушыларға қолдауды банктер олардың қаржылық және әлеуметтік жағдайын жан-жақты талдау негізінде жеке тәртіппен көрсетуде, оның нәтижелері бойынша банктер қарыз алушыға қажетті қолдау көрсету туралы шешім қабылдайды. Сондықтан кредиттік рақымшылықты жүргізу заңнамалық түрде көзделмеген, Агенттікте халықтың кредиттер бойынша берешегін есептен шығару бойынша шешім қабылдау өкілеттіктері жоқ»,-делінген хабарламада.

Кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға қолдау көрсету үшін осы жылдың қазанынан бастап берешекті реттеудің бірыңғай тәртібі енгізілген. Кредиттер бойынша мерзімін өткізу туындаған жағдайда, қарыз алушылар банкке немесе микроқаржы ұйымына өтінішпен жүгінуі қажет, онда олардың өтініші қаралып, проблемалық берешекті қайта құрылымдау талаптары ұсынылады.

йАзаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан дәйексіз мәліметтерге сенбеуді және ресми әрі тексерілген дереккөздерінен ғана алынған ақпаратты басшылыққа алуды сұраймызй,-делінген хабарламада. 



Ұқсас тақырыптар