Сіздің атыңызға шағым түсті!

78a63521dc39568f5013385bd4f6c004668540d4.jpg


Ақтау тергеу изоляторында жарты жылдан астам уақыт бойы «Қала жолдары» ақтаулық фирмасының бұрынғы иесі Сағынәлі Қылышбаев өзінен-өзі ақша жымқырды деген айыппен жатыр. Қамауға алынған инвестор жұбайының пікірінше, оның күйеуі әкімдік қызметкерлеріне бизнесін беруден бас тартқаны үшін зардап шекті.

Жақын арада «Қала жолдары» ЖШС айналасындағы аудандық сот өткізілуі керек. Бұл жолы сот «West Stroke group» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз құрылтайшысы және Ақтау қаласында санитариялық тазалау жөніндегі компания – «Қала жолдары» ЖШС-ның иесі Қылышбаевтың  кінәсін анықтауы тиіс.

Тергеу нұсқасы бойынша Қылышбаев аула сыпырушылардың басын қосып, ұйымдасқан қылмыстық топты құрған, салық төлеуден жалтарып, «Қала жолдары» компаниясының, яғни өзінің ағшасын жымқырған! Күдіктінің әйелі Рыскүл Қылышбаеваның айтуынша, инвестордың бар кінәсі шенеуніктерге Ақтау көшелерін тазалау және көгалдандыру жөніндегі компанияны өз еркімен беруден бас тартуы ғана.

 Бұл оқиға баяғыда-ақ басталды, жергілікті БАҚ көздері мұны рейдерлік басып алу деп жазды.

 2018 жылы «Қада жолдары» коммуналдық кәсіпорны Ақтау әкімдігі үшін мүлде тартымсыз нысан болды: кәсіпорынның салық берешегі 265 млн теңге болған, несиелік қарызы 90 млн теңгені құраған. Бұған қоса арнайы техника қайта-қайта сынып, аула сыпырушылар, тазалаушылар мен көгалдандырушылар еңбекақыны көтеруді талап етті. Ал «West stroi group» ЖШС проблемалық компанияны әрі қарай сатып алу мүмкіндігімен сенімгерлік басқаруға алған соң шенеуніктердің көңілі жайланды. Келісімшарт жаңа инвестор барлық қарызды жауып, бес жыл ішінде мемлекетке компанияның құнын тең үлеспен төлеп шығатынын қарастырды.

 2020 жылға дейін инвесторға шенеуніктер ешқандай мін тақпады. Ал 2020 жылдың ақпанынан бастап «Қала жолдары» ЖШС-ның барлық несиесі жабылып, техникасы жаңарып, қызметкерлердің жұмысы тәртіпке салынған кезде бизнесменге шенеуніктер тарапынан кедергі жасау басталды. Атқарылған жұмыстар актілеріне уақтылы қол қойылмады, тағы бір кезде атқарылған жұмыс үшін ақы көлемі қысқартылған... Кейін 2020 жылдың мамырында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Серік Ғұсман әкімдікке көп шағым түсіп жатыр деген желеумен  «Қала жолдары» ЖШС-на тексеру тағайындады.  Бұл тексеру ешқандай нәтиже бермеді, компания қызметінде мін табылмады. Алайда 2020 жылдың 28 тамызында «West stroi group» ЖШС басшылығы «Ақтау қалалық қаржы бөлімі» ММ-ден «Қала жолдары» ЖШС кейіннен сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзу туралы хабарламаны алды. Мұның себебі сол баяғы – компания жұмысына қатысты халық тарапынан түскендер шағымдар.

 Судьяның асыраушысы кім?

 Әрине, «West stroi group» ЖШС-ның жалғыз құрылтайшысы ретінде Сағынәлі Қылышбаев барлық инстанция: «Атамекен» ҰКП, қалалық прокуратура, тіпті сотқа жүгінді.

 Бизнесмен заң өз жағында екеніне сенімді болып, қалалық әкімдікке қарсы істе жеңіске жетемін деп ойлады. Азаматтық кодекске сәйкес, мәмілені жойғысы келетін тарап өз шағымдарының мәнін жазбаша түрде түсіндіргеннен кейін үш айдан кейін тек сот арқылы кейіннен сатып алу арқылы жалдау шартын бұзуға болады. Осы орайда әлеуметтік желідегі абстракті шағымдарды сылтау ету мүмкін болмайды – нақты дәйектер керек.

«Жоғарыда белгіленген бұзушылықтарды көріп, «West stroi group» ЖШС өзінің қорғау құқығын сот тәртібімен пайдаланып, нұсқамаға және  келісімшарттың заңсыз бұзылуына шағым түсірді Алайда әкімдіктер судьяларға қалалық тұрғын үй қорынан үй бөлетіндіктен, сот ауызша түрде әкімдікке қарсы шыға алмайтынын түсіндіріп, біздің талассыз талабымызды қанағаттандырудан бас тартты», – деп жазды бізге  «West stroi group» ЖШС өкілдері.

 Қазіргі кезде компания өкілдері талап арызбен Жоғарғы сотқа жүгінбек. Соттың жоғары инстаициясына Ақтау қаласының әкімдігі пәтер бермейтіні анық, демек мүдделер қақтысы болмауы керек.

 Бірақ, сот басталмай тұрып, «Қала жолдары» ЖШС-да әкімдіктің адамдары уақытты босқа жібермей, компания шоттарынан басқа банк шоттары арқылы ақшаны шығарып, еш кедергісіз игеріп жатыр.

«West stroi group» ЖШС өкілдерінің айтуынша, жаңа басқарушылар келгеннен бастап компанияның шығыны 1 млрд теңгеден асып кеткен. 

«Лауазымды тұлғалардың әрекеттерінде ҚР ҚК 249 (рейдерлік), 361 (лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану), 362 (билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану), 385 (мөрді қолдан жасау), 389 (өзін-өзі басқару) баптарында қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгілері байқалады», – деп жазады «West stroi group» ЖШС заңгерлері.

 Шағымдар легі көп

Әрине, адамдар шағымданып жатыр деген сөз өте ыңғайлы сылтау. Сондықтан әкімдік шағымдардың негізіне үңіліп, бизнестен оларды реттеуді талап етудің орнына кәсіпкерден бизнесті тартып алуға әрекет етеді.

 Жағдайға зер салсақ, Ақтау қаласының шенеуніктері «Қала жолдары» компаниясына қитұрқы схема қолданған. 2020 жылдың күзінде халықтың көптеген шағым түсіруінен кейін қаланы көгалдандыруға  795 миллион теңгеге жуық сомаға  «Атамекен» мүгедектерді қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігімен  жасалған шартты бір жақты тәртіпте бұзды. Осылайша Ақтауды көгалдандыру жөніндегі міндеттер жақында ғана қала меншігіне өткен «Қала жолдары» ЖШС-не ауысты. Өте ыңғайлы схема, келісесіз бе? Былайша айтқанда, барлық кіріс үйге түсуі тиіс.

 Тергеу изоляторында отырған жолдасына тамақ тасып жүрген Рыскүл Қылышбаеваға қарап, шенеуніктердің «әділ» шешіміне арыз түсіретін азамат табылмады. Мұндай жағдайда не істеуге болады?

 Демек, бұл схема іс жүзінде жұмыс істейді. Бірақ, осының бәрін ұйымдастырған жаңашылдардың өзі осы өздері қазған орға түсіп қалмасына кім кепіл? Мысалы, көпшілікке танымал «2gis» онлайн-новигаторында «Қала жолдары» ЖШС-на екі ғана пікір жазылған. Біреуі 2020 жылдың маусымында жазылған, екіншісі – жуырда ғана пайда болды. Екеуі де теріс пікір. Демек, қаланы абаттандыру компаниясы әкімдікке өткенімен аула сыпырушылар мен көгалдандырушыларға қарсы шағымдар толастамай тұр. Баяғы жартас, сол жартас. Бәлкім қала тұрғындарының тазалық пен абаттандырудағы талап-тілегін Маңғыстау облысының әкімі орындай алатын шығар? Ал өңірлік шенділер осының нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер олардың қатарына тазалау жүргізуі мүмкін деп алаңдамайды ма екен?



Ұқсас тақырыптар