Мексикада UFC шебері Олег Тактаров соққыға жығылды

629c2512f7ea471296a004eb919179ab.jpeg


Олег Тактаров жергілікті қонақүйдің күзетшісімен сөзге келіп қалған қызға ара түсемін деп таяқ жеген, деп хабарлайды Mezgil.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Спорт журналисі Александр Лютиков болған оқиғаны жайып салды.

«Мен адамдарды қорқытып-үркітуді доғаруды өтіндім, ал қандай да бір басқа талаптары болса, менімен сөйлесулерін сұрадым. Қалғандары үйіне тарқассын дедім. Артымнан келіп бастан ұрды, меніңше, бұл бейсболь таяғы болуы керек. Ішкі гематома бар. 10 шақты адам үстімде секіріп жүрген шығар. Тұншығып жатып есімді жинадым, жейдем мұрнымда болды, қатты тыныстағым келді, мені ұрып жаты»,-дейді Олег Тактаров.

UFC ардагерінің айтуынша, оның қол-аяғын байлап-матап тастаған. Ол өзіне қандай да бір супермафиялық құрылым құрық салды деп санайды. Құдай сақтап, полицейлер төбе көрсетуі Тактаровты аман қалуына мүмкіндік туғызған.

Олег Тактаров - UFC промоушендегі алғашқы ресейлік чемпион. Спорттық мансабынан кейін Олег киноиндустрияға бет бұрған.



Ұқсас тақырыптар