Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды

4.jpg


Мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде қару қолдану оқиғасы болды, деп хабарлайды Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметі.


Оқиға 10 наурызда Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында болған.


Атыс шамамен он минутқа созылды. Қырғыз тарапынан жаралылар мен зардап шеккендер болмады. Ал тәжік тарапынан жараланғандар бар.


Қазір екі елдің шекара өкілдері келіссөздер жүргізуде.


«Тескей» аймағы мемлекеттік шекараның сипатталмаған бөлігі, бірақ іс жүзінде бұл аймақты Қырғызстанның азаматтары тұрады.



Ұқсас тақырыптар