"Дін ұстай алсаң - қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің"

photo_191275.jpg


«Дін ұстай алсаң - қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» - дейді дана халқымыз. Бүлдіргі ағымдардың уағызына ден қойып, айдың-күннің аманында бейбіт өмірден безініп, отбасынан жыраққа кеткендер азаймай тұр.

Менің бір досымның ағасы жат ағымның жетегінде кетіп, Сириядан кейін өз елінде Заң алдында жазасын өтеп шыққан еді.

Егер олар намаз оқып, сақал өсіріп, сүннет амалдарын жасап,  құран оқып жүрсе, неге жат ағымның өкілі дейміз? Бір демалыс күндері досыма  барып, салафит ағасының басынан өткергенін, қалайша жат ағымның жетегінде кеткенін айтып беруін өтіндім.

-                     Олар нағыз қой терісін жамылған қасқырлар. Алланың атын жамылып, адамдардың санасын улап қоршаған ортаны саған дұшпан етеді. Олардың іс-әрекеттеріне қарасаң, мұсылман болғың келмей кетеді. Намазды обал қылып оқиды, қаласа оқымайды, кейде оқып жатып ортасынан тастап кете береді. Және де олар үйленген әйелі ұнамай жатса, ойланбастан талақ беріп немесе басқа ахиына силыққа беріп жібереді дейді. Ағам да көп адамдарың обалына қалып, миларын улаған Салафиттің бірі. Олар «Аллах! Аллах!» деп ұрандатып алып, есірткі, қару-жарақ сатумен айналысады. Яғни, адамның саулығын ешбір ойламайды. Ағам Серияға барып қолына қару алғанда тәубесіне келеді, бірақ тым кеш еді,- дейді ашу мен ызаға, өкінішке көкірегі толы досым. – Ағамның айтуы бойынша салафиттер басында бір ай жақсы жағдай жасап, әбден өздеріне қаратып алған. Содан қолына қару алып, бейбіт адамдардың өлгенін, жетім баллардың жылағынын, ғимараттардың қирағанын, баласынан айырылған ананың көз жастарын  көргенде, жүрегің жарылып кететіндей болады. Ал террористер болса рахаттанып қарап тұрып жандарын алады екен. Ал қазір ағамның бір қолы мен бір аяғы жоқ. Жаннат іздеймін деп тозақтан бірақ шықты, - дейді.

Иә, салафизм деген теріс ағым өкілдері, сол террористер мен уахаббистер, талай адамның обалына қалып жүрген жауыздар. Олар үшін еш адами құндылық жоқ. Көздегендері – соғыс пен тонау, қатарын кеңейту, арам пиғылды істерін жүзеге асыру. Сондықтан саналы тұрғыда ойланып, жастарымыз мен балаларымызды барынша осы арбаудан сақтауымыз керек!

 

ШҚО ДМЗО орталығынын маманы

Мұрат Назарбайдын



Ұқсас тақырыптар