Туберкулезге қатысты ақпарат дұрыс таралмай жатыр

photo1652428516.jpeg


Туберкулез жұқтырған адам оның атынан қорқып, басқа жаман аурумен ауырғанымда ғой деп жатады. Ол дұрыс емес, туберкулез де коронавирус сияқты эпидимиологиялық ауру және одан құлан таза жазылып шығуға болады. Бұл туралы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының мониторинг, бағалау, эпидемиология, статистика, ақпараттандыру департаментінің жетекшісі Панагүл Жазықбаева айтты, деп хабарлайды Mezgil.kz агенттігі Baq.kz-ке сілтеме жасап.


Оның айтуынша, халық ішінде туберкулез ауруына қатысты теріс пікір қалыптасқан, көпшілігі ауруын жасырады. Мұндай қатынас бұл аурудың кең тарауына жола ашды екен. Науқас уақытылы ем алып, туберкулезбен ауырып жүргенін қорықпай айта білсе, айналасындағыларды аурудан сақтай біледі.


Туберкулезге қатысты ақпарат дұрыс таралмай жатқан сияқты. Коронавирус пандемиясы болғанда ешкім ауруын жасырған жоқ, емделіп шыққандарын ашық айтып жүрді. Туберкулез де ауа арқылы берілетін жұқпалы ауру. Одан емделіп шығуға болады. Басқа ауруларға қарағанда ұзағырақ емделеді, бірақ құлан таза айығып шығу үшін барлық дәрілері бар. Халық арасында туберкулезге деген көзқарасты өзгертуде ақпарат құралдарының рөлі зор,-дейді П. Жазықбаева.


Сонымен қатар ол туберкулез ауыруына шалдығу елімізде жыл өткен сайын төмендеп жатқанын және арнайы скрининктердің көмегімен ауруды ерте кезеңінде анықтау артақынан жеткізді. 



Ұқсас тақырыптар